Құрметті ауыл еңбеккерлері, ардагерлер және агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері!

Қарашаның үшінші жексенбісінде біз дәстүр бойынша ең маңызды кәсіби мерекелердің бірі – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтеміз. Ауыл тұрғындарының еңбегі ұшан теңіз.  Агроөнеркәсіп кешені – жер ырзығымен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға баға жетпес үлес қосып отыр. Оған өз ісіне берілген, жауапты, еңбекқор адамдардың күнделікті қажырлы еңбегі куә. Жоғары кәсібилік, жаңа технологиялар мен ғылым жетістіктерін енгізу арқылы ауыл тұрғындары өндірісте тұрақты нәтижелерімен ауданның экономикасы мен әл ауқатын дамыту үстінде.

Қымбатты ауылдастар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерi елiмiздiң тұрғындарын отандық азық-түлiкпен қамтамасыз етiп қана қоймай, халықаралық нарықта елiмiздiң бәсекеге қабiлеттiгін паш етіп келеді.

Еңбек ардагерлерiне, өндiрiс озаттарына, барлық диханшылар мен мал өсiрушiлерге ерекше алғысымыз бен ризашылығымызды бiлдiремiз.

Қымбатты жерлестер! Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуына ғана емес, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер. Барлықтарыңызды агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері мерекесімен құттықтай отырып, еліміздің өркендеуіне жаңа еңбек жетістіктері, баршаларыңызға зор денсаулық, ырысқа толы,  құт – берекелі дастархан, бақыт  тілейміз.

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған