Құрметті аудандық статистика басқармасының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – статистика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында қазақстандық статистиканың құрылғанына тура жүз жыл толады. Өзінің ғасырлық тарихында статистика органдары мемлекеттік басқарудың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Статистика саласына – экономикалық, әлеуметтік және демографиялық ахуалдың жай-күйін талдау үшін, салалар мен ведомстволардың жұмысын жоспарлау және оңтайландыру үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және жүйелеу міндеті жүктелген.

Соңғы жылдары статистика қызметі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Тәжірибеге жаңа ақпараттық технологиялар, статистикалық деректерді зерттеу мен есепке алудың жаңа әдістері енгізілді. Осының нәтижесінде нақты статистикалық жағдайды объективті түрде көрсетуге мүмкіндік беріліп отыр.

Статистика мамандарының еңбегі әлі де көп қырлы, қажырлы, ерекше жауапкершілікті қажет етеді. Ауданымыздың статистика басқармасының еңбек ұжымы алдына қойылған міндеттерді жоғары жауапкершілікпен абыройлы атқарып келеді.

Кәсіби мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуына тілектеспіз!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған