Құрметті аудан тұрғындары!

31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Бұл – сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің тәртібі дәуірінде жазықсыз қаза тапқан, түрлі ұлт өкілдерін қуғындау және күштеп депортациялау, сондай-ақ өткен ғасырдың отызыншы жылдарында аштықтан қайтыс болған жергілікті халықты еске алу күні.

Кеңестік тоталитарлық билік республикамызды «халық жаулары» үшін түрме лагеріне және депортацияланған миллиондаған азаматтардың панасына айналдырды.  Олардың көпшілігі суық пен аштықтан қайтыс болды. Жүздеген адам жергілікті халықтың қолдауының арқасында аман қалды.

Осакаров ауданы жер аударылған азаматтардың мекеніне, сол кезеңдегі қайғы-қасірет пен азапты бастан кешірген жандардың екінші Отанына айналды. Өкінішке орай, нәубет жылдардың куәгерлері бүгінде ортамызда болмаса да, олардың ұрпақтары өмірін жалғастыруда.

Жыл сайын 31 мамыр күні аудан тұрғындары қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған жандарды еске алады. Бұл күні тек қуған-сүргін құрбандарының туған-туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс.

Нұркен Кобжанов,                                                                                                               Қанат Саққұлақов,

Осакаров ауданының әкімі                                                                                                аудандық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған