Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты балалар!

Дәстүр бойынша жаздың алғашқы айында бізде ерекше мереке – Халықаралық балаларды қорғау күні.

Балалық шақ – бұл адам өміріндегі ең бақытты, маңызды кезең, қоғамда толық өмір сүруге дайындық, жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу уақыты.  Барлығымыз балалық шағымызды жылы сезіммен еске аламыз.

Біздің елімізде балалардың өмірі мен денсаулығы мемлекеттің үнемі назарында. Оларға  қамқорлық жасалып, әр баланың өз қабілетін дамытып, лайықты азамат болып өсуіне мүмкіндік беретін барлық жағдайлар жасалуда. Соңғы жылдары ауданымыздағы балабақшалар мен мектептердің материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылды. Білім беру қызметкерлерінің кәсіби деңгейі жоғарылап, жаңа технологиялар, оқыту әдістері мен формалары оқу процесіне батыл енгізіліп, балаларды тәрбиелеуге көп көңіл бөлініп отыр.

Халықаралық балаларды қорғау күні – бізге олардың өмірге деген көзқарасын, пікір еркіндігін, білім алу, демалу, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан, балалар еңбегін қанаудан қорғаудың қажеттілігін ескерту. Балалар бізге үміт артады, сол үміттерін ақтап, өмірлерін баянды етуіміз керек.

Мереке құтты болсын, ауданымыздың кішкентай тұрғындары! Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық, қызыққа толы жазғы демалыс, жарқын болашақ тілейміз!

Нұркен Кобжанов,                                                                                                           Қанат Саққұлақов,

Осакаров ауданының әкімі                                                                                           аудандық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған