Құрметті аудан тұрғындары, педагогтар, оқушылар және ата-аналар!

Жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! 1 қыркүйек-білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін есте қалатын, тебірентерлік әрі қуанышты күндердің бірі. Әр оқу жылы – бұл жаңа маңызды кезең болып табылады.  Біздің жалпы жетістіктеріміз бүгінгі таңда білім алушылардың  сабаққа, бақылау жұмыстарына, емтихандарға қаншалықты жауапкершілікпен қарайтындығына байланысты.

Құрметті оқушылар, білім — бұл сіздердің болашағыңыз, үлкен өмірге апаратын жол екенін ұмытпаңыздар. Ол заманауи әлемде өз орындарыңды табуға, Отанымыздың шынайы азаматтары мен патриоттары болуға мүмкіндік береді. Сіздерге табандылық пен оқуда табыс, үздік бағалар, сенімді достар, келе жатқан жаңа оқу жылында қызықты да мазмұнды өмір тілейміз! Бірінші сынып оқушыларын ерекше құттықтаймыз. Олар үшін алғашқы қоңырау соғылып, ең маңызды кітап — Әліппені қолға алады. Бұл күн барлық бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты мереке. Білім жолында өткізер барлық күндері танымды және қызықты болсын.

Біз бірінші қыркүйекте жас толқынды тәрбиелеп,  білім нәрімен сусындатар мұғалімдерге жеке алғысымызды білдіреміз. Құрметті ұстаздар! Білім күні – бұл сіздердің төл мерекелеріңіз! Шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде педагогтардың  бай тәжірибесі арқасында біздің ауданымыздың болашағы – ақылды, кәсіби, табысты жастар қолында екеніне сенімдіміз.

Жаңа оқу жылы баршамызға табысты, жемісті жыл болсын!

Нұркен Кобжанов,                                                                             Қанат Саққұлақов,

Осакаров ауданының әкімі                                                            аудандық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.