Құрметті аудан тұрғындары, қадірменді қаржы жүйесінің қызметкерлері!

15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валюта – теңгенің енгізілгеніне жиырма жеті жыл толады. Президенттің Жарлығымен бұл күн ресми мереке – Ұлттық валюта күні, сондай-ақ қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды.

Ұлттық валютаны енгізу – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы және елдің экономикалық дамуындағы маңызды кезеңінде орын алды. Оның айналымға қандай қиындықтармен енгізілгені, жаңа банкноттың валюта айырбастау коэффициентіне халықтың үйренуі қаншалықты қиын болғаны есімізде. Қазақстандық ақша бірлігі халықаралық нарықта да мойындалып, шетелдік сарапшылардың пікірінше, теңге – ТМД мен Орталық Азия кеңістігіндегі ең сенімді және тұрақты валюталардың біріне айналды. Қазақстан теңгесі өзінің дизайны және қорғау дәрежесі бойынша халықаралық құндылығымен мойындалып, ел егемендігінің нышаны тәуелсіздігіміздің экономикалық негізі болып қаланды.

Ұлттық валюта күні – қаржы қызметкерлері мерекесі. Қаржы саласында жауапты, құзыретті қызметкерлер жұмыс істейді, олар бюджет және салық заңнамасын жақсы біледі. Қаржы жүйесінің қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай отырып, олардың өз кәсібінде адал, әдепті, принципті өмірлік қағидаларды ұстануын тілейміз.

Барлық тұрғындарды ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз! Олардың әрқайсысына зор денсаулық, бақыт, амандық және молшылық тілейміз. Алтын қазынамыз – Теңгеміз әрбір қазақстандықтың еңбегі үшін сенімді валюта және лайықты сыйақы болып қала берсін.

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған