Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 желтоқсан –- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Бұл мерекенің ел тағдырындағы орны ерекше. Өйткені, бұл мереке елі сүйген, елін сүйген ұлы тұлға –- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Тұңғыш Президент күні – Елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын, өскелең  ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсететін күн.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, еліміз егемендігін жариялады. Жас мемлекет тізгінін заманауи әлемнің ең көреген, ең кемел саясаткерлерінің бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырды.

Елбасымыздың тереңнен толғаған, ел-жұрты қолдаған реформаларының нәтижесінде қоғамымыз түбірімен қайта түлеп, қайта жаңғырды. Тәуелсіздік жылдарында мызғымас шекарамыз халықаралық деңгейде мойындалды. Байтақ Астанамыз көкпен таласып бой көтерді.

Нұрсұлтан Әбішұлы елімізде саяси тұрақтылықты сақтап, көпұлтты халықты біріктіре алды және қарқынды әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бар мемлекеттің ерекше моделін жасады. Салиқалы саясатының нәтижесінде біздің еліміз ұстанған айқын бағытымен, өзара әріптестікке және ауқымды интеграцияға негізделген серіктестікке ұмтылысымен, ізгілікке құштарлығымен әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алды.

Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз.

Сіздерді тағы да Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге ынтымақ, бірлік тілейміз! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік бола берсін!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған