Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке қаржыгерлер күні және  Ұлттық валюта  күнімен  құттықтаймын!

Ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайтып, 27 жыл бойы еліміздің қажеттілігін өтеп, қолданымда келеді. Мерейлі мереке күні қарсаңында қаржы саласының барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, жанұяларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілеймін.

Ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуына жəне ақша-несие саясатын табысты іске асыруда елеулі үлесімізді  қоса берейік.

 

Ернар Дарибаев,

Аудандық қазынашылық

басқармасының басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған