Құрметке лайық жан

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 75 жыл. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салып, ет жақындарынан айырды. Ардагерлеріміз көрген зұлматты біз көрмедік, сол үшін де олар құрметке лайық!

Ленинградтық балауса қыз Мария Дмитриевна Степанова  Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі 20  жаста еді. Ленинград майданының  ПОРАМ-54 жорық-жөндеу әскери шеберханаларының құрамындағы 23-ші армияға түскен Мария атқыш, нысанашы, бөлімше командирі болды.

Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ болмады. Ата-анадан алты ағайынды Мария Степановнаның бауырлары Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан оралмады.

М. Степанова 1955 жылы жолдасы Василий Даниловичпен комсомолдық жолдама бойынша Қазақстанға көшіп келді. 1960 жылдан бастап Осакаровка шеберханасында жұмысшы, 1964 жылы Осакаровка элеваторында жұмысшы, 1967 жылдан бастап Осакаровка кентіндегі жиһаз фабрикасында зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті. Бейбіт күнде адал еңбегімен ерекшеленіп, ұжымға сыйлы болды.

Ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы,  сол күннің куәгерлері – ардагерлеріміз – біздің мақтанышымыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған