Әркім өз ісіне жауапкершілікпен қараса…

Дүйсенбі күні аудан əкімдігінде кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Кеңесте кенттер мен ауылдық округтер əкімдерінің 2019 жылға арналған есеп беру кездесулерінің нəтижелері, өңірдегі мерейтойлық іс-шараларға жəне көктемгі меркелерге дайындық, Осакаров Қазынашылық департаментінің 2019 жылға арналған қызметінің қорытындылары жəне жергілікті мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейінің орындалуы туралы сұрақтар талқыланды.

Жиын басында аудан əкімі Нұркен Кобжанов Осакаров аудандық пошта байланыс торабының бастығы Балхан Мауинұлы Нуркановты құрметті демалысқа шығарып салу рəсімін өткізіп, аудан үшін атқарған абыройлы жұмысына алғысын білдіріп, көп жылғы еңбек зейнетінің жақсы өтуіне тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар аудан басшысы аудандағы кадрлық өзгерістермен таныстырды. Осакаров аудандық пошта байланыс торабының бастығы болып Төлеуғазин Саян Төлеуғазыұлы, Осакаров ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып Тохметова Кулянда Орынбекқызы, аудандық «Сельский труженик» газетінің директорының міндетін атқарушы жəне бас редакторы болып Аманбаева Гулбаршын Сембайқызы тағайындалды.

Күн тəртібіндегі бірінші сұрақ бойынша аудан əкімі аппаратының басшысы Валентина Абилсеитова баяндап, 13 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өткен əкімдердің 44 есеп беру кездесуіндегі барлық сұрақтар əлеуметтік сипатта болғанын айтты. Негізінен ауыз су, жер, жолдар, əлеуметтік нысандарды жөндеу жəне салу, электрлендіру, газдандыру, абаттандыру мəселелері көтерілгенін жеткізді.

 Өткен есеп беру кездесулерін талдау барысында Тельман, Маржанкөл жəне Қарағайлы ауылдық округ əкімдерінің өз ауылындағы жағдайға иелік етпей, халықпен тіл табыса алмай отырғаны айтылып, сын-ескертуге ұшырады.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап ауданда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында əкімдік жанынан WhatsApp мессенжері мен телеграмма-арнасы жұмыс істеуде. Осы чаттарда басшылар мен əкімдердің жұмысы туралы баспасөз хатшысы Ольга Филиппова талдау жасады. Ол бұл чаттардың негізгі жауап берушілері білім, əлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту, ТҚШ, ТЖ бөлімдері, «Саввиди», «Поздняков» ЖК, Осакаровка, Молодежный кенттерінің əкімдіктері екенін мəлімдеді. Ольга Сергеевна тұрғындарының желідегі талаптары мен өтініштеріне кейбір əкімдердің уақытылы əрі нақты жауап бермей, немқұрайлы қарайтынын жеткізіп, желідегі азаматтардың сыны мен наразылығын туғызып отырғанын айтты.

 Ішкі саясат бөлімінің басшысы Дана Молдағалиева 2020 жыл жарқын мерейтойларға толы жыл екенін айтты өз сөзінде. ҚР Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Əл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығы жəне Осакаров ауданына 80 жыл, Осакаровка кентіне 110 жыл толып отыр. Осы мақсатта Ішкі саясат бөлімі ісшаралар жоспарын əзірледі, 2020 жылдың əр айына өзінің тақырыптық бағытын белгілеп, өз жұмысын бастап кетті. Басшы əр орталық, кешен, мекемелердің атқарар жұмыстарының легімен таныстырды.

Келесі сөз кезегін алған Мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Кулянда Тохметова Алғыс айту күні мен Халықаралық əйелдер күндеріне арналып, ұйымдастырылған шаралар жоспарымен таныстырды.

 Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша жасалған «100 қадам» бағдарламасының 98-інші қадамын орындауға қатысып, бұл қадам шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді.

Кеңесте Осакаров аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Ернар Дəрібаев 2018 жылдың 1 қаңтарынан дербес бюджетке ауысудың 1 кезеңіне аудан бойынша Осакаровка, Молодежный кенттері, Пионер жəне Есіл ауылдық округтары енгізілгенін,. 2020 жылдан бастап, дербес бюджеттің 2-кезеңі жүзеге асырылып, оған ауданның қалған 20 ауылдық округ еніп, осы бағытта Осакаров аудандық қазынашылық басқармасы бірқатар дайындық ісшараларын атқарғанын баяндады.

Сондай-ақ бюджетті орындау процесінде туындайтын проблеманы да айта кетті. Ол төлеуге берілетін шоттардың біркелкі түспеуі «Клиент – Қазынашылық» ақпараттық жүйесіне жүктеме туғызып отырғанын, бюджеттің орындалуы мен игерілуі бөлігінде жағымсыз салдарлардың туындауының алдын алу үшін мемлекеттік органдардан құжаттарды қазынашылық департаментіне алдын ала жіберу керектігін баса айтты.

 Жиын соңында аудан басшысы мекемелер мен ұйымдардың басшыларына, кенттер мен ауылдық округтердің əкімдеріне тұрғындардың əлеуметтік желілердегі өтініштеріне қысқа да нұсқа жауап беруді, мерейтойлық ісшараларды өткізуге белсенді қатысуын нақтылады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалардың əкімшілеріне бюджеттің орындалуы мен игерілуіне кедергі келтірмей, қазынашылық департаментіне қажетті құжаттарды уақтылы ұсынуды тапсырды.

Нұркен Кобжанов өз сөзін қорытындылай келе, «əр қызметкер өз ісіне жауапкершілікпен қараса, мəселе де туындамайды. Шараны уақытылы, сапалы орындау, оң нəтижеге жеткізеді», – деді.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған