РЕВАКЦИНАЦИЯ НАУҚАНЫ ТУРАЛЫ

Қарағанды облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар жүргізілуде.

2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №25 қаулысы шықты.

Осы қаулыға сәйкес коронавирустық инфекцияға (КВИ) қарсы ревакцинацияға жататын адамдардың контингенті кеңейтілді.

Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.

КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға:

1) медицина қызметкерлері;

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) педагогтар;

5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

6) 50 жастан асқан адамдар жатады.

Ревакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету, аурудың ауыр ағымының, постковидтік синдром түріндегі асқыну қаупін азайту.

Өркениетті елдердегі халық арасында қайта вакцинациялау COVID-19 айналымдағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылды.

Бүгінгі күні облыста COVID-19-ға қарсы қайта ревакцинация жүргізу үшін келесі вакциналар қол жетімді: QazVac, Sinopharm, Pfizer.

 

Ағымдағы жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша:   

Бірінші компонентке жататындарды вакцинациялаумен қамту – 71,2% құрайды, 726 777 адам егілді, жалпы контингенттің екінші компонентімен 66,5% немесе 679 203 адам егілді.

Ревакцинациямен 475 198 адамнан 253 801 адам қамтылды, бұл 53,4% құрайды.

Қайта ревакцинациямен 49 324 адамнан 24 663 адам қамтылды, бұл 50% құрайды.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, себебі біз бұрынғы шектеулерсіз өмірге орала аламыз.

Вакцинацияның басты мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, «ұжымдық иммунитетті» қамтамасыз ету.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.