Республика чемпионатына жолдама алды

Абай ауданында қазақ күресінен 2003 – 2004 жылдары аралығында туған жасөспірімдер арасында 14- 16 сəуір күндері облыс чемпионаты болып өтті. Дəстүр бойынша чемпионат туы көтеріліп, салтанатты ашылу салтанаты аяқталысымен қатысушылар жарысты бастап кетті.

Барлық спортшыларға сəттілік пен жеңіс тілеген жанкүйерлер мен спортшылардың мерекелік көңіл күйін ұрандатып сап түзеген командалар өздерінің біркелкі спорттық киім үлгілерімен баурап алды. Осы жарысқа Осакаровка кентінің БЖСМ қаржыландырумен 8 оқушы қатысты.

Сонымен барлық сайыстарды жіті бақылап, төрелік еткен кəсіби мамандардың ұпай көрсеткіштерін есептеу нəтижесінде жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

Осакаров ауданының спортшылары қатарында дəстүрлі осы жарыста + 82 кг. салмақ дəрежесінде Осакаровка кентінің БЖСМ спортшысы Докаев Ислам күресіп, 3 орынға ие болып, Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

Жарысқа Қарағанды облысының «Динамо» дене шынықтыру спорттық қоғам бірлестігі демеушілік жасады. Жүлделі орын иеленген спортшылар Қарағанды облысының «Динамо» дене шынықтыру спорттық қоғам бірлестігі тағайындаған грамота, медаль жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Жас Динамо» бұқаралық жастар қозғалысы акциясы еріктілер жылында тартысты додаларға толы болмақ.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған