Рейд нәтижесіз емес

Коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту, нысандарда санитарлық қауіпсіздікті күшейту мақсатында мобильді топтардың арнайы рейд шаралары өткізілуде.

Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Алма Шалабаева полицейлер және эпидемиолог мамандардан құралған мобильді топпен «Осакаровка» дүкен-қонақүй кешені, «Таверна» кафесі, «Добрыня» дүкеніне барып, санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексерді.

Жүргізілген рейдтер нәтижесіз емес. Мәселен, тексеру кезінде нысандарда санитарлық қауіпсіздікті сақтауға ерекше ден қойылғаны байқалды. Дене қызуын өлшейтін термометрия және оны тіркеу дәптері жүргізілуде, жанасусыз қолды өңдеу санитайзерлері қойылған, қызметкерлер бетперде, қолғаппен қамамасыз етілген.

Дегенмен бетпердені уақытылы ауыстыру, кіре берістегі төсенішті дезинфекциялық сұйықтықпен  өңдеу, дүкенде нан өнімдерінің қаптамада болуына қатаң көңіл бөлу, арақашықтықты сақтау бойынша ескертулер жасалып, хаттамалар толтырылды. Дәмханадағы орындардың арақашқығы екі метр болуы, көп адам жиналмау шартын, дезинфекциялық шаралардың әрбір 3-4 сағат жасалуы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.

–           Қазір аудан бойынша 2 мобильді топ жұмыс істейді. Басты міндет– санитарлық – эпидемиологиялық талапты күшейту. Алдымен тек ескертулер жасалғанмен, қайтара анықталған кемшіліктерге кешірім жоқ,- деді аудан әкімінің орынбасары.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған