Президент марапаты

Тәуелсіздік күніне орай Осакаров ауданының бірқатар азаматтары Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаға ие болды.

Мемлекет басшысының атынан марапаттарды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті.

Мемлекеттік және қоғамдық  қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Бірлік — 2006» ЖШС кеңесшісі Шәкіров Төлеутай марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Kazakhmys Coal (Казахмыс Коал)» ЖШС «Кен» учаскесінің экскаватор машинис Лерх Александр Оскарович марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Пионер балалар үйі» КММ директоры Цебер Анатолий  Владимирович марапатталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Осакаров ауданы сайлау комиссиясының төрағасы Ақмағамбетова Мара Жанабайқызы  марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған