Полиция бөлімшесі  басшысы өз ойын ортаға салды

Кәсіптің жақсысы, жаманы болмайды. Полиция қызметкерінің жұмысын оңай деп ойлайтындар жаңылысады. Себебі, полиция қызметкерінің басты ұстанымы – өз ар-ожданының алдында таза болу, қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Бұл – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Өмір деген қателесу мен қателігіңді түзеуден тұрады. Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилік, білімді, жігер болуы қажет, – дейді Молодежный кенті ПБ бастығы, полиция подполковнигі Берік Қамзабекұлы Оспанов.

Шет ауданының тумасы 2001 жылы ҚарМУ – дың заң факультетін ойдағыдай аяқтап, осы саладағы қызметтік жолын учаскелік инспектор болып бастап, жедел уәкіл, аға жедел уәкілі, Шет аудандық С. Сейфуллин кентінің  ПБ бастығы болып жүріп, Молодежный кентіне ауысады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау тек қана полицияның міндеті емес, ол – осы елде тұратын әр азамат пен азаматшаның міндеті.

Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Тіпті шектелмеген де, уақытқа бағынбайды. Ел тыныштығын күні-түні күзетіп, қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Ендеше ел мүддесі, оның тыныштығы мен жарқын болашағы жолында тынымсыз  полиция қызметкерлерінің еңбектеріне толағай табыстар тілеймін.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған