Подиумның орнына онлайн, немесе қарағандылық ЖОО-да ең әдемі студентті қалай таңдады

Көктемгі сұлулық байқауы жаңа форматта өтеді. Онлайн-режимде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің аруы таңдалды. Бұл атаққа металлургия және машина жасау факультетінің студенті Айдана Талгат ие болды.

Байқауға он бойжеткен өтініш берді. Университет аруы атағына үміткерлер өздерінің шеберліктері мен таланттарын көрсете отырып, фото және бейнероликтерін ұсынды. Үздіктер онлайн дауыс беру арқылы таңдалды.
Ең көп дауыс жинағандар арасында металлургия және машина жасау факультетінің студенті Айдана Талғат (1-ші орын), Жайлыгүл Сарсенова (2-ші орын), Әсел Сабырбаева (3-ші орын) болды. Айдана мен Әсел фармацевтикалық өндіріс технологиясы, Жайлыгүл материалтану маманы болады.

Жаңа мисске карантин аяқталғанда және студенттер университет қабырғасына оралғанда тәж бен лента табыс етіледі. Қатысушылар естелік сыйлықтар мен сертификаттар алады.

Ендігі кезекте байқауға жігіттер дайындалуда. «Университет мырзасы» байқауы да онлайн өтеді.

ҚМИУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған