Отбасылық спорт сайыстары насихатталды

Жылдағы дәстүр бойынша – сары  күзде Қарағайлы ауылындағы «Nur Otan» БПҰ ҚБ төрайымы Римма Хасимованың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары Рухани келісім күнін атап өтті.   «Жас Отан»жастар қанаты мүшелері атаулы шарада ауыл тұрғындарымен қосылып, «Nur Otan» партиясының Әнұранын шырқады. Рухани бірлік күні короновирустық жағдайға байланысты партия мүшелері дәстүрлі кездесуді Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын әлеуметтік желіде насихаттау және «Бұқаралық спорт-белсенді ел кепілі» мемлекеттік жобасын қолдау акциясына ұластырды.

1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен қаржыландыруды доғарып, бұқаралық спорт пен балалар, жасөспірімдер спортын дамыту туралы айтқан болатын.

Жолдау талаптарын ауылдық жерде жүзеге асыру мақсатында отбасылық спорт сайыстарына қатысқан Қарағайлы ауылының тұрғындары: Шайхапас Уазира, Кленюшина Елена Викторовна, Кленюшина Анастасия Леонидовна, Кириллов Кирилл, Беделхан Гүлсайра, Хавдалшарав Жайдарман белсенділігімен біршама шеберлікпен және жүйелі жаттығулар орындау тәсілдері насихатталды.

Балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға тарту мақсатында қашықтықтан өткізілген отбасылық спорттық ойындар қатарында сәбиді шынықтыру,  әткеншек тебу тәсілдері ұсынылды. Ал, ересектер үшін белтемірде қолды қосып тартылу, тура тартылу, белтемірде күн жасап айналу тәсілдері ауылда бұқаралық спорттың дамуына қызығушылық тудырды.

Біршама шеберлікпен және жүйелі жаттығулармен жасөспірімдердің велошабандоз трюктері, сол сияқты жеңіл атлетикамен айналысуы – дене шынықтыру тәрбиесінің балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға өте қажеттілігін паш етті.

Доп ойнау арқылы қимыл белсенділігін арттыру және  оң қолдарымен жіптен ұстап отбасы мүшелерінің бір біріне игі тілектер айтып, ән шырқауы ойыншыларды  ойлау ұшқырлығына және ұйымшылдыққа жетеледі.

Ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі Асық ату ойынымен ауыл спортшылары көпшіліктің қошеметіне бөленіп үлгерді.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған