Осакаровкада 3D форматындағы кинотеатр ашылды

«Кинотеатр пошта ғимаратында орналасқан. Ол заманауи техникамен лазерлік дисплейі бар 3D форматындағы экранмен жабдықталған. Кинотеатрда кино әлеміндегі өзекті жаңалықтар, шетелдік және отандық фильмдердің премьералары, балалар мультфильмдері көрсетіледі. Кинотеатрдың ашылуына ауыл жастары ғана емес, ауданның басқа да тұрғындары шексіз қуанышты.
Кинотеатрды жергілікті кәсіпкер Мақпал Зейнелова ашты, ол «Жас кәсіпкер» бағдарламасының арқасында өз арманын жүзеге асыра алды.
– Кинотеатр «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейді. Әрбір киноқойылымнан кейін ғимарат іші залалсыздандырылып отырылады. Мұнда барлық санитарлық талаптар сақталатын болады, – дейді жас кәсіпкер Мақпал Зейнелова.
Кинотеатрдың салтанатты ашылу летнасын мемлекеттік қызмет ардагері Әбдіқасым Садықов пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы төрағасы Ботакөз Сыздықова қиып берді.
Кинотеатрдың салтанатты ашылу рәсімінен кейін жас бүлдіршіндерге арналған «Рая және соңғы айдаһар» мультфильмінің көрсетілімі өтті.
Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.