Осакаровка кенті 110 жылдық мерейтойына жаңартылады

Қарағанды облысының Осакаровка кентіне осы жылы 110 жыл толады. Мерейтой бойынша салтанат жоспарда жоқ. Қаражаттың көбісі аудан орталығын абаттандыруға, жолдарды жаңартуға және әлеуметтік нысандарды жөндеуге бөлінген. Инфрақұрылымдық жобалар «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламалары бойынша іске асырылады.

Осакаровкада 54 көшеде жол жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша шамамен 740 млн теңге бөлінген. Жұмыстар мамыр айынан басталған және 13 көшеде  асфальт төселген. Қазанға дейін қалған жол жөндеулерін аяқтау жоспарлануда.

Аудан орталығында демалыс саябағы және балалар алаңдары көгалдандырылуда. Орталық аурухана ғимаратында, қосымша білім беру орталығында күрделі жөндеулер жүргізілуде. Сондай-ақ мектеп және балалар бақшасы ғимараттары жөнделген.

Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша Осакаровка ауданына 1,5 млрд астам теңге бөлінген. Әлеуметтік сала нысандарының, жолдардың жөндеуі, су құбырларын қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. ЖҚЖК бойынша ауыл тұрғындары үшін 360 астам жұмыс орындары құрылған.

Осакаровкада сонымен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қол жетімді баспана құрылысы жүргізілуде. 2020 жылы екі жаңа екі қабатты үйді және 2021  жылы тағы төртеуін тапсыру жоспарланған. Тұрғын үй құрылысын жалғастыруға ЖСҚ әзірленген.

– Осы жылы Осакаровка кентіне 110 жыл және Осакаровское ауданына 80 жыл толады. Әрине, карантинға байланысты жаппай тойлау өткізілмейді. Онлайн-режимде бірқатар іс-шаралар жоспарланған: тарихқа арналған кездесулер және дөңгелек столдар. Осакаровское ауданының энциклопедиясы жазылды. Бастысы – бұл адамдардың тек аудан орталығында ғана емес, барлығының жақсы жаққа өзгергенін көруі үшін. Әрбір елді мекенді абаттандырумен және жөндеумен қамтуға тырыстық, – деді аудан әкімі Нұркен Кобжанов.

Осокаровка елді мекені (кейін Осакаровка кентіне аты өзгерген) 1910 жылдың тамызында негізделді. Осакаровское ауданы 1940 жылдың 28 желтоқсанында Қазақ СРО Жоғары Кеңесінің Президиум Жарлығымен құрылған. Сол кезде құрамына 30 колхоз және үш машина-тракторлық станция кірген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған