Осакаров ауданында #BizBirgemiz #NurOtan бірыңғай республикалық акциясы жалғасуда

Осакаров ауданында #BizBirgemiz #NurOtan бірыңғай республикалық акциясы жалғасуда.

Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы «Бақытты Отбасы» партиялық жобасы аясында «Biz Birgemiz»  республикалық акциясын  ұйымдастырды.  Акцияны «МП Алтын Астық» ЖШС бас директоры Е. Есентаев қолдап,  Осакаровка кенті мен Озерный ауылының әлеуметтік осал топтары үшін 500 кг ұн бөлді.

Сонымен қатар Озерный ауылының «Солнышко» шағын-орталықтың тәрбиешілері А.С. Ерлепесова, Б.Айбану, А. Ишекен және жеке кәсіпкерлер О.П.Степанова мен А.В. Васкан медициналық бетперделер тігіп, оны  ауылдық округтің  жалғыз тұратын зейнеткерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларына  таратты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған