Қорғаныс бетпердесін тегін таратуда

Осакаров ауданының Садовый ауылдық округі «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясын қолдап, ауыл тұрғындарына тегін бетперде таратуда.

Садовый ауылдық округінің әкімі ауылдық чатқа салған, дәкеден жасалатын маскаларын дайындау бойынша лайфхакты көрген МҮ музыкалық жетекшісі Александра Садыкова өзі жасаған 50 бетпердесін ауылы тұрғындарына таратып шықты. Дәкенің 1 орамынан 3 сегіз қабатты қорғанысты бетперде шығады екен.

Игі бастаманы «Садовая» дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері де қолдап, зейнеткерлер мен ауыл тұрғындарына өздерінің тіккен қорғаныс бетперделерін таратты.

Сондай-ақ «Айдана» және «Маяк» дүкендері өз тұтынушыларына бетпердені тегін үлестірді.

Ауылдық округ тұрғындары қауырт шақта үлкен жауапкершілік танытып, өздерінің ауызбіршілігін көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған