Онлайн спорт күні: футбол және жүгіру әуесқойларын қашықтықтан жарысқа шақырады

Осы жылы 16 тамызға тұспа-тұс келген спорт күнін қарағандылықтар өзгеше атап өтеді. Осы күнге орайластырылған турнирлер онлайн-форматта өтеді. Қатысушылардың жетістіктері әлеуметтік желілерде видеороликтер бойынша бағаланады.

Алдында дойбы бойынша облыстық онлайн-турнир өткен болатын. Жарысқа ересектер мен интеллектуалды ойынның жас әуесқойлары түсті. Қарағанды, Балқаш, Абай қалаларының, Қарабас кентінің, сондай-ақ Бұқар-Жырау және Осакаровское аудандарының 38 спортшысы igGameCenter.соm платформасында өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үш жас санатында анықталды.

3 тамызда футбол әуесқойларының арасында онлайн-турнир бастама алды. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Бұл үшін допты қақпақылдаудың, еркін – жаттығудың жеке рекорды бейнеленген видеоролик түсіру керек. Жеңімпаз минутына ең көп соққы жинаған –  епті адам болады. Қорытынды үш жас санатында жасалады: 10-нан 14 жасқа дейін, 15-тен 18 жасқа дейін, 19-дан одан жоғары жаста.

Турнир ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және футбол бойынша «Жастар» олимпиадалық резервтегі мектебі. Видеороликтер jastar2010@mail.ru  электронды поштасына 3 тамыздан 5 тамызға дейін қабылданады. Тапсырманы орындар алдында камераға қатысушының жеке деректері мен жасын дыбыстау керек. Секундомер жұмысы роликте қосылады.

Жүгіру және жалпы дене дайындығы бойынша онлайн-турнирлер жоспарланған. Шарттары мен платформа кейінірек хабарланады.

Сонымен бірге Спорт күніне арналған суреттер байқауы жарияланды. 5 жастан 18 жасқа днйін суретшілер қатыса алады. Жұмыстар jastar2010@mail.ru электронды мекенжайы бойынша 10 тамызға дейін қабылданады.

Шарттары келесідей: сурет акварельмен, гуашьпен, түрлі-түсті қарындаштармен немесе фломастермен А4 форматтағы парақта орындалуы тиіс. Өз деректерін жоғары оң бұрышта көрсету керек (аты және тегі, туған жылы, телефон нөмірі). Байқауға PDF/JPEG  форматта жұмыстың сканерленген көшірмелері қабылданады.

Үздік жұмыстар әлеуметтік желілерде халық дауысымен анықталады. Ол 14-15 тамызда  Facebook –те karsportpress парақшасында, Instagram –да karsportregion  парақшасында өтеді. Жеңімпаздар Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының сыйлықтары мен мақтау қағаздарын алады.

Қазақстанда Ұлттық Спорт күні 2004 жылдан бастап тамыздың үшінші жексенбісі сайын аталып өтеді. Мереке еліміздің Президентінің бұйрығымен жарияланған. Осы күні әр түрлі жарыстар мен жаппай іс-шаралар өткізу дәстүр болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған