Қол диірмені

Тарихи өлкетану музейі экспонаттары қатарында  қол диірменімен  таныстырамыз. 

Қол  диірмені  екі  үлкен  қыша  тастан  жасалған. Ортасында бидай салатын үңгісі бар. Бұрын дәмді, күлше  нан пісіру үшін біздің әжелеріміз қол диірменін қолданған. Диірменмен бидай  ұсатып, ұн жасаған.  Диірменнің ұнды  қалай  ұнтақтайтынын алдыңғы толқын аға – әпкелеріміз жақсы біледі. Әсіресе диірменді айналдыру өте қиын, тарихи жәдігеріміздің  екі  үлкен  қыша  тастарының диаметрі 33 см, тұтқасы 11 см. Диірмен өте ауыр. Диірменді айналдыру үшін көп күш керек. Қыша  тас ойығына бидай салынып, астық тастардың арасында үгітіледі, осылайша үгітілген бидай төменгі қыша тас астына жиналады. Жұмыстың қиындығынан қашпай сол жұмысты бар ынтасымен атқарған ата – әжелерімізден, «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ жалғанда» деген ғибрат қалған. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – дегендей, осынау тарихи жәдігер кезінде бір ауылды асыраған екен.

  • Халық дәстүрін  сақтай  отыра  ертеден  келе жатқан осынау қол диірменді   сақталуы қалыпты жағдайда Тарихи өлкетану музейіне Төрежанов Марат Әубәкірұлы 2013 жылы сыйға тартқан екен, – дейді Осакаровка кентінің   Тарихи өлкетану музейі меңгерушісі Әлібек Қанатұлы Саққұлақов.

К. Пиминиди, С. Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған