Оқушылар үшін ТЖБ және БЖБ тапсыру мерзімдері анықталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова мектеп оқушыларының жиынтық бағасын (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды (ТЖБ) қашан тапсыратынын хабарлады.

– Бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау мерзімі анықталды. Екі сағат және одан да көп жүктемесі бар пәндер үшін БЖБ мамырдың 4-і мен 11-і аралығында өткізілетін болады. 1-ші сыныптан 10-шы сыныпқа дейінгі оқушылар үшін апталық жүктемемен пәндерге тоқсан бойынша жиынтық бағалау аптасына бір сағат 11-15 мамыр аралығында өткізіледі. Ал 11-сыныптар үшін барлық бақылау жұмыстары 18-22 мамыр аралығында өтеді, – деді Майра Мелдебекқызы.

Бағалауды жүргізу рәсімі әдеттегі оқу үдерісі сияқты өткізіледі.

– Оқытушылар бүгінгі күні бір оқу тапсырмасын пайдаланады. Дәл сол тапсырма бойынша БЖБ және ТЖБ мұғалімдер өтілген тақырыптар негізінде құрайды. Кері байланыс әдетте «Күнделік» жүйесі және басқа да платформалар арқылы жүзеге асырылады. Бөлім үшін жиынтық бағалауға 20 минут, ал тоқсан үшін жиынтық бағалауға 40 минут беріледі. Бастауыш сыныптар туралы әлі де талқылаймыз. Бақылау жұмыстарын тапсыру кезінде олар үшін уақыт бойынша шектеулер болмайды. Егер балалар оқу тапсырмаларын немесе басқа да техникалық себептерге байланысты, денсаулығына байланысты, баға қою кезінде тоқсандық формативті бағалау нәтижелері ескеріледі, – деп атап өтті Майра Мелдебекова.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған