Оқушылар мен студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жобалар байқауына қатысу ұсынылады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалардың ІV онлайн-конкурсы өткізіледі. Өз жұмыстарын жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері ұсына алады. Ұйымдастырушы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің «Мирас» Рухани жаңғыру академиясы.

Жобаларды қабылдау және іріктеу кезеңі 10 қарашаға дейін жалғасады.

21-24 қарашада жобаларды онлайн-форматта қорғау өтеді. 25 қарашада жеңімпаздар жарияланады.

Конкурс 10 секция бойынша өткізіледі:

1. «Тіл – ұлттың негізі».

2. «Педагогика және психология – қоғамның білім беру және мәдениет негіздері».

3. «Ауыл – ел бесігі».

4. «Түркі әлемінің генезисі».

5. «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар мұражайы».

6. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы».

7. «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы».

8. «Ақпарат толқыны».

9. «Ұлы даланың ұлы есімдері».

10. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет».

Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Жоғары оқу орындарының өкілдері 2021 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Унверситетінде өтетін Республикалық студенттік конференцияға жіберіледі.

Жобаларды электрондық поштаға жіберу керек: torgautova82@mail.ru.

Телефондар: (8-7252) 21-16-37, 8-701-647-15-14 – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері., «Мирас» Рухани жаңғыру академиясының жетекшісі Шолпан Торғауытова.

Байқауға қатысу ережелері туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады: https://drive.google.com/file/d/1ud8pxXur0qI7yBjJRp-UuSbu3c6BmVe3/view.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған