Өнеге өсиетін ұлықтап отырған ақсақал

   

1 қазан – ақылдың кенін арқалаған айбынды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің мерекесі. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Бүгін аудан әкімі Нұркен Кобжанов ауданымыздың  ақсақалы  Дәнен Бейсембаевтың шаңырағына арнайы құттықтап барып, сый-сияпат көрсетті.  

Ақсақалды мерейтойымен шын жүректен құттықтап, «ұзақ жылдарғы еңбегіңіз және ауданымызға қосқан елеулі үлесіңіз одан әрі жалғаса берсін»,- деген Нұркен Сайфиддинұлы, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

30 қыркүйек күні 80 жасқа толған аудан құрдасы Дәнен Теміржанұлы ардақты азаматтардың бірі. Ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп,  өнеге өсиетін ұлықтап отырған ақсақал.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған