Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз – шығыс күнтізбесі бойыншы жылдың басы. Күн мен түннің теңелетін мерзімі.

Бұл – бірлік пен татулықтың, ырыс пен ынтымақтың, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.

Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.
Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейлі мереке. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – амандық, мемлекетімізге – молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Ұлыстың ұлы күні елімізге амандық, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!
Нұрлы Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ж. Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі

С. Өтешев, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған