Наурыз мерекесі құтты болсын!

Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулық пен түсіністіктің жайдары, жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған. Табиғаттың оянуымен келіп, жаңарудың, мейірімділік пен мерейлі болудың символына айналған бай дəстүрлеріміз бен əдет-ғұрыптарымыз Қазақстанның тəуелсіздік алуымен бірге бізге оралды. Қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге – бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды. Кез келген мемлекеттің басты құндылығы оның тəуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Біз үшін Тəуелсіздіктен асқан мұрат, Мəңгілік елден асқан мақсат жоқ! Сіздерді ақ босағадан аттаған Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, баршаңызға, ырыс пен ынтымақ жəне отбасыларыңызға амандық тілейміз! Осы айшықты мерекеде əрқайсыларыңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға молшылық пен бақ-береке əкеліп, Жаңа жылымыз – əз Наурыз əр шаңыраққа шаттық нұрын себе берсін.

Нұркен Кобжанов, Осакаров ауданының əкімі

Қанат Саққұлақов, аудандық мəслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған