Біздің тарихымыз (1986 – 1991 жылдар аралығы)

1986 жыл. КСРО дамуының он екінші бесжылдық жоспары қабылданды. Соңғы бесжылдықта  «Жылдам, тиімділік, сапа!» ұранымен 5 жыл ішіндегі ұзақ мерзімді экономикалық стратегияны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Осы уақытта көптеген колхозшылар, жұмысшылар, кәсіпорын мамандары, инженерлер «12-ші бесжылдық майталманы» төс белгісімен марапатталды. Тұрғын үй құрылыстары қарқынды басталып, «12-ші бесжылдыққа-табысты қадам!» үгіті ұйымдарда жүргізілді.

1986 жылдың 4 қаңтарында аудан орталығында 19-шақырылған аудандық халық депутаттары Кеңесінің төртінші сессиясы өтті, онда аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы И. М. Оспанов баяндама жасады. Ол азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудан еңбеккерлерінің жетістіктерін атап өтті. Бірақ, сүт тапсыру көрсеткішінің төмендеуіне жол берген совхоздар, мал шаруашылығы фермаларын азықпен қамтамасыз етпеген, малды сауықтыру бойынша қанағаттанғысыз нәтижелер көрсеткен совхоздарды қатаң сынға алды.

«Тиісті кемшіліктерді, шешілмеген мәселелерді тез арада реттеу керек», – деген талаппен И. М. Оспанов, 15 жыл атқару комитетінің басшысы болған Иренгай Мұқашұлының еңбек жолын үлгі етті. Ол әрбір совхоздың, әр бөлімшенің, барлық кәсіпорындардың қалай жұмыс істейтінін, барлық басшылардың ұйымдастыру қабілетін, аты-жөніне дейін жатқа білетін. Осылайша салмақты шешімдер қабылдап, мейірімді және мұқият және адал еңбекті талап ететін қамқор жан болды, – деп атап өтті жиналыс төрағасы.

Аудан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен облыста алға озып, Иренгай Оспановқа алғашқылардың қатарында «Осакаров ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді, ол «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.

1986 жылы тұрғындар «Бүкілодақтық Ерікті күрес қоғамының мүшелігіне» өтті. Жарғы талабымен 18 жасқа толған азаматтардан бастап, салауатты өмір сүру мақсатында маскүнемдікке қарсы күрес және қоғамда, тұрмыста, әрбір еңбек ұжымында маскүнемдікпен күрес жөніндегі комиссиялар үгіті жүргізілді. Комиссия маскүнемдерді есепке алуға және алкогольге қарсы заңнаманы бұзған азаматтарға 50 сомға дейін айыппұл салуға тиіс болды. Сол жылдары КСРО-да орташа еңбек ақы 140 рубль болғанын ескерсек, бір айыппұл айлық еңбекақысына біраз салмақ салған екен. Дүкендерде спирт сатылмай, барлық іс-шаралар «алкогольсіз» өтетін болды. Алкогольсіз тәрбие тақырыбына мектептерде үгіт жүргізіліп, салауатты өмір салты кеңінен насихатталды. «Сельский труженик» газетінің редакциясында аудандық аурухананың жетекші дәрігерлерінің қатысуымен «Денсаулық және адам» мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Осакаров тұрғындары ғылыми-техникалық жаңалықтың куәсі болды: үйлердің шатырларына радио бағдарламасын таратқыштар орнатылды және радио арқылы 3 бағдарламаны тыңдауға болды.

Социалистік Еңбек Ері А. Н. Ткач Қазақстан Компартиясының ХVI съезінің делегаты болды.

Ауданның мәдени өміріндегі ерекше жаңалық Осакаровкаға режиссер Павел Любимов арнай жолсапармен келді. Ол Горький атындағы балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің студиясында жұмыс істеген тамаша режиссер еді.  Сол жылдардың тамаша  фильмдерін –«Весенний призыв», «Көктемгі шақыру», «Гол в Спасские ворота», «Школьный вальс», «Бегущая по волнам» фильмдерін түсіргенімен қоймай, Любимов үлкен сүйіспеншілікпен «Ералашты» өмірге әкеліп, ата – аналар мен балалардың да құрметіне бөленген еді.

Кино режиссер Павел Любимовпен кездесу Осакаровка кентіндегі орталық «Октябрь» кинотеатрында өтті. Кездесуде зал толы болды. Балалар да, жастар да, ересектер де Любимовтың шығармашылық еңбек жолы туралы әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған