Біздің тарихымыз  (1981-1985 жылдар аралығы)

1981 жылдың 1 қаңтарынан 1985 жылдың 31 желтоқсанына дейін КСРО халық шаруашылығын дамытудың он бірінші бесжылдық Жоспары енгізілді. 1981 жыл 11-ші бесжылдықтың бірінші жылында  Осакаров ауданы Қазақстанның Құрметті Алтын Кітабына енгізілді.

«Қаз КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы «Сельский труженик» газетінің қызметкері Е. Т. Сорокинге табысталды. «Маржанкөл» совхозының механизаторы Г. Канафина – «Республиканың ең үздік нәзік жанды механизаторы»сыйлығына ие болды.

1982 жылы Г. Канафина Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанып,  БЛКЖО съезінің делегаты болды. Талапты қыз бала өзінің еңбек жолын алғашында сауыншы болып бастаған. Морозовка ауылындағы №8 орта мектепті бітіргеннен кейін Қарқаралы кәсіптік-техникалық училищесіне барып, механизаторлық мамандыққа оқиды. Ер жігітке лайық қайратты мінезділігімен алып қуатты К-700 тракторын да тізгіндей алатын қабілетке жетеді. Оның еңбекқорлығы мен батылдығы үшін кеңшарға арнайы «Г. Канафинаға» деген жазуы бар  К-700А атаулы тракторы беріледі.

Г. Канафина қабілеттілігімен  Целиноград ауыл шаруашылығы институтында сырттай оқып, туған совхозда үлкен еңбектегі жеңістерге қол жеткізді.

Осы жылдың наурыз айында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қаз КСР ауыл шаруашылығы озаттарының КСРО ордендерімен және медальдарымен наградтау туралы» Жарлығы шықты. Олардың ішінде жоғары көрсеткіштері мен еңбектегі ерлігі үшін ауданның 49 еңбеккері марапатталды. Бесжылдықтың екінші жылы еңбек эстафетасын қабылдаған «Ишимский» кеңшарының картоп өсірушісі, звено жетекшісі А. В. Черечукиннің еңбектегі жетістігі  Қазақстанның Құрметті Алтын Кітабына енгізілді.

1982 жылы КСРО құрылғанына 60 жыл толды. «КСРО-ның 60 жылдығына-лайықты кездесу!»,- осындай ұранмен Осакаров аудандық Құрмет тақтасына еңбекте табыстар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізген еңбеккерлер мен қызметкерлердің фотосуреттері орналастырылды. Олардың көпшілігі кәсіподақ жолдамаларымен марапатталды, Кеңес Одағы мен басқа да елдердің  шипажайларына емделуге және демалуға барды. 1982 жылы 500-ге жуық Осакаров ауданының еңбек майталмандары   Сочи мен Чехословакияда демалды.

Мәдениет мекемелеріне көп көңіл бөлінді, В. Н. Кошевец жетекшілік ететін «Золотая нива» үгіт бригадасы белсенді жұмыс істеді. Үгіт тобы – егіс науқаны, шөп шабу, егін жинау кезінде барлық бригадаларға және бөлімшелерге концерттік бағдарламамен барды.

Жылына екі рет мұғалімдер конференциясы өтті, онда аудан педагогтары алдына жалпыға бірдей орта білімді жетілдіру, оқушыларға терең және сапалы білім беру мақсаты жүктелді. Оқу жылының соңында мектеп оқушылары «Радуга» еңбек және демалыс лагерінде каникулдық сәтті тиімді пайдаланды. Х1Х партсъезд кеңшарынан 130-ға жуық оқушы әр маусымда жұмыс істеп, жазғы демалысын өткізді  .

1982 жылы Литвин балалар үйіне 50 жыл толды. Осынау тәрбие ордасынан қанаттанып ұшқан түлектер арасында мұғалімдер, механизаторлар және кеме капитандары болды. Балалар үйінің педагогикалық ұжымы өздерінің ең басты міндеті рухани бай, өмірдің қиыншылығына төзе алатын азаматтарды тәрбиелеу міндетін абыройлы атқаруда.

Аудан тарихындағы маңызды оқиға – «Сельский труженик» газетіне 40 жыл толды. Редакция ұжымы барлық аудандық, облыстық және республикалық ұйымдардан құттықтаулар қабылдады.

Келесі жылы да аудан өміріндегі қуанышты оқиғаларға бай болды. Осакаров қоғамдық тамақтану кондитерлік цехының комсомол-жастар бригадасының ұжымы бесжылдық еңбек қорытындысымен БЛКЖО ОК ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды. Ұжымдағы 120 адамның 60 – ы Комсомол мүшесі болды. Олардың көбі 800 рубль сомасында ақшалай сыйлықпен және Дунайға сапар ретінде туристік жолдамалармен марапатталды.

Қаз КСР –ның құрылғанына 60 жыл толуына арналған республикалық байқау-конкурсын ұйымдастыру және өткізуге белсенді қатысқаны үшін «Октябрь» кинотеатры Қаз КСР-ның Мемкино сыйлығына ие болды. Ауданда мәдени және спорттық шаралар белсенді қолдауға ие болды. Тамыз айында Осакаровка кенті және аудан ауылдарында Қарағанды музыкалық комедия театрының гастролдік сапары жалғасты. Шахматтан оқушылардың облыстық спартакиадасы өтіп, аудан спортшылары бас жүлдені жеңіп алды.  «Театр көктемі -83» атты театрлық жанрдағы көркемөнерпаздар ұжымдарының аудандық байқауы өтті.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері машинамен сауу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылып, қатысушылар арасында ерлер де марапатталды, Х1Х партсъезд кеңшарының ең жас  сауыншысы Орал Оспановтың еңбегі аталып өтті. Батпақ ауылының №6 орта мектебінің оқушыларының «Сельский труженик» газетінде «Жазғы демалыс кезінде оқушылардың мал шаруашылығы бригадаларын құру туралы» Үндеуі жарияланды. Осы шараға мектептің комсомол ұйымы бастамашы болды. Мәскеуде өткен «Олимпиец» жастар орталығындағы Бүкілодақтық комсомол ұйымдары хатшыларының  жиынына №1 ОМ оқушысы  Т. В Бедевкина қатысты. Делегаттар ғалымдармен, соғыс ардагерлерімен, ғарышкерлермен кездесулер өткізіп, Мәскеуде өткен қызықты экскурсияларды тамашалады.

Ауданда тәлімгерлер тобында 330 аға буын өкілдері жастарға шеберлікті, білім мен тәжірибені насихаттап, жастардың кәсіптік бағдарында оқу-өндірістік комбинат үлкен рөл атқарды.

Аудан орталығы мен ауданның барлық ауылдарын абаттандыру шаралары ұйымшылдықпен атқарылды. Ол туралы аудандық газет беттерінде бірнеше маңызды мақалалар жарық көрді. Осакаровка кентінің келбеті өзгеріп, жаңа заманауи үйлер, әкімшілік ғимараттар салына бастады. «Заманауи үй шаруашылығы» деп аталатын жаңа  дүкен бой көтерді.

11-ші бесжылдықтың үшінші жылы сәтті аяқталды.

1984 жылы  – Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игерудің 30 жылдығы аталып өтті. Мерейтойға орай  «Ленин комсомолы» Бүкілодақтық үгіт-насихат поезы үгіт тобы ауданға келді. Ауданда  «Тыңдағы Бүкілодақтық ерлік және қазіргі әдебиет» атты шығармашылық конференциясы өтті.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының актерлерінің шығармашылық тобы аудан еңбеккерлерімен кездесті.

Аудандық Жас техниктер  слеті, «Жастар шығармашылығы» көрмесі Пионерлер үйінде өтті. Пионерлік жиындар, комсомолдық конференциялар мен жиналыстар тың игерудің 30 жылдығына  арналды.

1985 жылы – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығы аталып өтті. Осы күнге барлық мерекелік іс-шаралар мектептерде, МҮ, кинотеатрларда өткізілді.

Әскери әндер мен музыка кештері, патриоттық сабақтар, соғыс ардагерлерімен тақырыптық кездесулер «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» ұранымен өтті. Тұңғыш рет Пионерлер үйінің директоры Н. Ф. Ворониннің бастамасымен құрылған тарихи-өлкетану мұражайы өз есігін ашты. Бұл бүгінгі Осакаровка кентіндегі сәулетті ғимаратқа орналасқан  Тарихи – өлкетану музейінің бастамасы болатын.

Еңбек жетістіктері Ұлы Жеңістің қырық жылдығына арналды. ХШКЖ алтын, күміс және қола медальдарымен   еңбек озаттары, ардагерлер,  республикалық социалистік жарыстың жеңімпаздары марапатталды. 1985 жылы Мәскеуде жастар мен студенттердің XII Бүкіләлемдік фестивалі өтті. Фестивальге әлемнің 157 елінен 26 000 адам қатысты. Оған ауданымыздан еңбек озаттары мен еңбек ардагерлері қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған