«Ән шырқаймын саған, Қарағанды» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Ән шырқаймын саған, Қарағанды» дәстүрлі шығармашылық байқауы биылғы жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналды. Қатысушылар соғыс және бейбітшілік туралы әндерді орындайды.

Байқау «Біз-қарағандылықтармыз» фестивалі аясында 11-ші рет өткізіледі. Қатысуға кәсіби әртістер мен әуесқойлар шақырылады.
Ұйымдастыру комитеті өтінімдер қабылдауды 13 мамырдан 20 маусымға дейін жариялады. Дыбыс жазбасын немесе әннің аудио/бейне орындалуын ұсыну қажет.
Байқауға қатысуға өтінімді фестивальдің сайтынан жүктеп алуға болады (https://mykaragandincy.kz/docs/polozheniye_TPK.docx (23 КБ)).

Кәсіби қазылар алқасы іріктеу кезеңін өткізіп, байқаудың 10 финалисін анықтайды. Үздік орындаушылар гала-концертте өнер көрсетеді. Олардың ішінен жеңімпаз бен Гран-при иегері анықталады.

Өтініштер мен аудио және бейнематериалдар WhatsApp – +7-701-377-42-11 нөміріне (Байланыстағы тұлға – Аида) қабылданады.
«Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған