Мирный ауылдық округі әкіміне кандидаттары

Мирный ауылдық округі әкіміне кандидат
Игорь Владимирович Генинбергтің
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мені ауылдық округ әкіміне таңдасаңыз, алдағы 4 жылда округтің экономикалық әлеуетін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін бар күш-жігерімді саламын.
Дәлірек айтқанда:
– Мирное ауылының су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуді қаржыландыру мәселесін шешу;
– жолдарын жөндеуге ақша қаражатын бөлем;
– қосымша көше шамдарын орнату;
– ауылдық округте тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонға рұқсат алу;
– ауылдық округтегі интернет-байланысты жақсарту;
– ауылдың жайылымдық жерлерін кеңейту;
– ауылдық округті санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша сапалы жұмыстар жүргіземін;
Өз үлесімді:
– халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға,
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;
– ауылда кәсіпкерлікті дамытуға;
– жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуге, азаматтардың, оның ішінде жастардың жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға;
Менің өмірімдегі ұраным: «Бүгін әрекет етіңіз, әйтпесе ештеңе өзгермейді!» !

Мирный ауылдық округі әкіміне кандидат
Людмила Владимировна Васильеваның
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Кез-келген мемлекетте бәрі адамның, азаматтың атынан және игілігі үшін жасалуы керек. Осыған сүйене отырып, мен мыналарды маңызды деп санаймын:
– халықты жұмыспен қамту үшін жағдай жасау, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау саясатын ілгерілету қажет, «жұмыссыздарды даярлауға» назар аудару қажет, яғни кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыруды қайта даярлау жүйесін дамыту қажет;
– жеке тұлғаның үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау өскелең ұрпақтың денсаулығы, отбасылық қарым-қатынастарды нығайту туралы ойлану керек;
– әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілерді сақтау және дамыту;
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, сумен, электрмен жабдықтау жүйелерін және жолдарды жөндеу, ауылдық округті абаттандыру және санитарияны қамтамасыз ету бөлігінде қолда бар инфрақұрылымды қолдауға күш-жігер жұмсау;
– демократиялық құқық тәртібі қағидаттарын, адами қатынастар мәдениетін қорғайтын боламын.
Сайлаушылар алдындағы сенімді ақтайтын боламын.

Мирный ауылдық округі әкіміне кандидат
Мирас Серікұлы Қожахметовтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Тәжірибеме сүйене отырып, өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен ауылдың өркендеуіне өз үлесімді қоса алатыныма сенімдімін. Бұл үшін мен тәжірибем мен күш – қайратымды жұмсауға ықыластымын. Сайлаудағы қолдау мен үшін маңызды және міндеттерді шешуге күш береді:
– азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша олардың мүдделерін қорғау;
– ауылдық ауланың дамуына белсенді қолдау көрсету, өйткені бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың қайнар көзі.
Менің басты мақсатым – ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін, әл-ауқатын арттыру.
Менің түсінігімше, ауыл әкімі ауылдағы нағыз қожайын болуы тиіс.
Егер мені сайлаушылар қолдап, мен әкім болып сайлансам, онда белгіленген сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыруға міндеттенемін.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарияланған

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.