«Мерей» ансамблі Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған концертке шақырады

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық күніне орай «Мерей» вокалдық-аспаптық ансамблінің мерекелік концерті онлайн-режимде өтеді. Оның жазбасын 29 қазан күні сағат 19.00-де Қарағанды концерттік бірлестігінің YouTube-арнасынан көруге болады.

Бұл кеште Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістерінің орындауында әлем халықтарының әндері мен әуендері шырқалады. Ербол Алшынбаев Полад Бюль-Бюль огланың «Гел е зехер» («Сенің жолың») атты әйгілі композициясын шырқайды.

Халықаралық байқаулардың лауреаты Людмила Пропищан скрипкада скочна еврей халық биінің әсерлі әуенін орындайды.

Көрермендер Надежда Зыкованың орындауында грузин халқының «Иягунди» әнін тыңдай алады.

Әнші Әсел Қарабаева интернет-көрермендерді украиндық «Усмихнися мени» халық әнімен қуантса, Гүлмира Серікқызы белоруссиялық «Рэченка» халық әнін орындайды.

Құрамында Қуат Дүйсенов, Медеу Шилманов және Ербол Алшынбаев бар вокалдық трио тыңдармандар үшін көңілді поляк халық әнін «Шла девичка» шырқап береді.

Саксофонист Сергей Стефанович «Бузуки» танымал грек халық әуенін орындайды.

Ербол Алшынбаев, Әсел Қарабаева және Қуат Дүйсенов «Сабантой» атты татар халық әнін шырқайды.

Халықаралық концерттік бағдарламаны «Мерей» ансамблі қазақ тілінде «Менің отаным» әнімен аяқтайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған