Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кандидаттарды тестілеу тоқтатылды

COVID-19 коронавирусының пандемия деп жариялауына байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін  Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен төтенше жағдай енгізілді.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, Қарағанды облысындағы барлық тестілеу залдарында мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кандидаттарды тестілеу тоқтатылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті

Анықтама телефоны: 8 (7212) 50-40-23

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған