Мемлекеттік қызметкер

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы, – дейді жас мемлекеттік қызметкер Думан Болатұлы Қожахметов.                                 

Ол 1991 жылы 5 қарашада Қарағанды облысында туған.

2013 жылы Қарағанды экономикалық университетіне түсіп, заңгерлік мамандығын алып шығады.

2019 жылдан Осакаров ауданы әкімінің аппаратына құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып келеді.

Ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар жас маман әлі отбасын құрып үлгермепті.  Қоғам бағалаған еңбегімен халық сеніміне ие болған мемлекеттік қызметшінің  ел мүддесіне атқарған қызметі еленіп, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталыпты.

Тәуелсіздіктің төл құрдасы – қордаланған көкейтесті мәселелерді заң шеңберінде шешу жолында жастық жігерін аямай жұмсап келеді.

Сержан Смаханұлы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған