Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Қарағанды облысының ҚХА жас өкілдері марапатталды

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік тілді дамытуға арналған «Ұлы даланың ұлттық тілі» атты форум өтті. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастары «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды.

Форумның негізгі тақырыптары мемлекеттік тілді дамыту, оның этносаралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін нығайту болды.

Сондай-ақ, Қазақстанның көптеген өңірлерінен келген түрлі ұлт өкілдері өздерінің қазақ тілін білетіндіктері туралы айтып, мемлекеттік тілде сөйлейтін азаматтар үшін әлеуметтік лифтілердің әлеуетін талқылады.

Форум Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған медальдармен және «Мейірім» төсбелгілерімен салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Төс белгілерін алғандардың арасында Қарағанды облысы ҚХА екі өкілі – Елизавета Седышева және Юрий Михуля бар.

Юрий Михуля – «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі, ал Елизавета Седышева – орыс этномәдени орталығының мүшесі. Екеуі де қазақ тілінде сөйлейді. Юрий бала кезінен мемлекеттік тілде сөйлейді, қазақ мектебін бітірген. Қазір техникалық университетте «мемлекеттік жоспарлау» мамандығы бойынша оқып жатыр. Оқыту тілі – Қазақ тілі. Ол Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесінің ең жас мүшесі.

– Егер әрқайсымыз қазақ тілін оқыту бойынша волонтер болсақ, біздің айналамыздағы көптеген адамдар мемлекеттік тілді білетін болады, – деп санайды Юрий Михуля. – Біздің мақсатымыз – тіл үйренгісі келетін адамдарға көмектесу. Ол үшін жиналып, бір нәрсені талқылаудың қажеті жоқ. Сөздерден нақты іске өту керек.

Орыс этномәдени орталығының өкілі Елизавета Седышева қазақ тілін бір жыл ішінде үйренген. Бойжеткен балалар ауылында тәрбиеленген, ал мемлекеттік тілді SOS-анасымен үйренген. Қазір Лиза экономика және құқық колледжінде оқиды. Өзінің қазақ тілін студент Достық үйінде сөйлесу клубында үнемі жетілдіріп отырады.

– Мен жүрегімде өзімді қазақ ретінде сезінемін. Мен Теміртаудағы балалар үйінде қазақ дәстүрімен тәрбиеленіп өстім. Сол жерде тіл үйрендім. Менің достарым – қазақтар. Әрдайым сөздік қорымды толықтыруға және қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімімді кеңейтуге тырысамын, – деді Елизавета Седышева.

Айта кету керек, биыл ҚХА ұйымдастырған және Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн-поэзия фестиваліне Қазақстанда тұратын мыңға жуық ұлт өкілдері қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған