Мемлекеттік органдарға

Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнген қатерді азайту жөнінде шұғыл шаралар қабылданды.

Осакаров аудандық соты жергілікті мемлекеттік органдарды, адвокаттық қоғамдастықтарды, жеке және заңды тұлғаларды мүмкіндігінше сотқа жүгінулерді кейінгі кезеңге қалдыруға шақырады.

Аудан және ауылдық округ әкімдері шалғай ауылдық округ тұрғындарымен сотқа жүгінулерді кейінге қалдыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер.

Қағаз тасығыштағы құжат айналымы барынша төмендетілсін.

Құқық қорғау және арнайы органдар сотқа қылмыстық істер мен материалдардың ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде жіберілуін барынша азайтсын.

Сотқа келушілер және қатысушылар коронавирустың таралу қаупінің алдын алу үшін байланыстарды барынша болдырмау мақсатында ТЖ кезеңіне енгізілген карантиндік шараларды (қорғаныш маскалары, антисептиктер) қатаң сақтау қажет.

Біздің ортақ жетістігіміз бүкіл қоғамның, елдің барлық азаматтарының жауапты ұстанымына байланысты.

Бізге өзара жауапкершілік, ынтымақтастық және өзара көмек қажет.

Н.Абылханов, Аудандық соттың төрағасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған