Мемлекеттік бағдарламалар арқылы Қарағанды облысының ауылдары қалай дамуда

Осакаров және Нұра аудандары екі мемлекеттік бағдарлама – «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқасында өзгеруде. Онда мектептер мен ауруханалар, жолдар жөнделіп, гүлзарлар абаттандырылып, жаңа әлеуметтік нысандар салынуда. Мұның бәрі өмір сүру үшін қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осакаров және Нұра аудандарына жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбекке қандай жұмыстар атқарылғанын және өай бағытта жұмыстар аяқталғаны туралы баяндалды.

Мысалы, Осакаровкада 64 көшенің бірден 54-і ретке келтірілуде. Кенттің негізі қаланғаннан бері бірден осындай ауқымды жұмыстар астқарылған емес. Сонымен қатар, ауданның екі кентінде тозған су құбыры желілері қайта жаңғыртылуда. Мұның бәрі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар.

– Бағдарлама бойынша үш ауылдық округте барлығы 1,5 млрд теңгеге алты жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 100-ге жуық жұмыс орны құрылды, – деді Осакаров ауданының әкімі Нүркен Көбжанов.

Жеңіс Қасымбек Осакаровкада осыған дейін ешқашан асфальт болмаған жолдарды қалай ретке келтіріп жатқанын тексерді. Мердігерге жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бүгінгі таңда 32 көшеге асфальт төселді. Ауа райы суытып кетпейнше, жұмысты тездету керек, деді облыс әкімі.

Ал Нұра ауданында ЖҚЖК бойынша 17 жобаға 1,3 млрд теңге бөлінді. Мұнда да жолдар, әлеуметтік нысандар салынып, жұмыс орындары ашылуда. Мысалы, Шахтер ауылында төрт көше абаттандырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, мектепте ағымдағы жөндеу жасалды. Келесі жылы Нұрада бассейн және 20 екі пәтерлі үй пайдалануға беріледі. Тұрғын үй жалға берілетін болады, оны кезекте тұрған көп балалы, жетім, мүгедектер және үйлері апатты деп танылған адамдар арасында бөлу жоспарлануда.

– Мемлекеттік бағдарламалар ауданымыздың дамуына серпін берді. Әр түрлі нысандардың белсенді құрылысы басталды, ең бастысы, жұмыс орындары құрылуда. Пандемия кезінде біз жергілікті халықты қолдап, адамдарды жұмыспен қамтамасыз ете алдық. Бізде 410 жұмыс орны ашылды, – деді Жеңіс Қасымбекке Нұра ауданының әкімі Аян Шалмағанбетов.

Шахтер ауылында облыс әкімі жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда болып, жолдардың жөнделуін тексеріп, жергілікті билікке ауданды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған