Мемлекет тарапынан қолдау көріп отырмын

Қазақстан Президентінің елімізде коронавирустың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай жариялап, тұрғындарды індеттен сақтандыруға, алдын алудың, қорғанудың барлық жолдарын көрсеткен маңызды шараларды қабылдады.
Өткен жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы оқытудан өтіп, «Бастау – бизнес» бағдарламасы бойынша арнаулы сертификатпен «Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы  жәрдем алдым. Тамыз айында Осакаровка кентінен ұялы телефондар мен аксессуарлар сататын отбасылық «SMART» дүкенін ашқан болатынмын.
Аудан экономикасында шағын кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту үлкен рөл атқаратыны белгілі. Тұрғындардың көптеген өзекті экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелері үнемі мемлекет тарапынан қолдауға ие болып келе жатқанын ерекше айтқым келеді.
ТЖ кезінде шағын және орта бизнес нысандары жұмысының уақытша тоқтап, кәсіпкерлер үшін күрделі және жауапты кезең болып тұрған шақта да мемлекет қамқорлығын шын сезіндім.
Міне осындай қиын кезеңде табыстан айырылған азаматтар қатарлы  мемлекеттен 42500 теңге әлеуметтік төлем алдым.
Президенттің сын сағатта кәсіпкерлерге көрсеткен қолдауына алғысым шексіз.

Еркебұлан Серікбек,
жеке кәсіпкер

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған