Медициналық сақтандыру қоры басым емес шығындардан бас тарту есебінен миллиардтан астам теңге үнемдемек

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ауқымды өзгерістер басталады. Олар ішкі үдерістерді өзгертуге, штаттың құрылымын қайта қарауға, шығындардың бір бөлігін оңтайландыруға, әкімшілік шығыстарды азайтуға қатысты болмақ.

Қор штатының санын қайталанатын атқарымдарды алып тастау есебінен азайтылады деп болжануда. Қазір бұл шара орталық аппарат деңгейінде қарастырылуда, кейінірек бұл жұмыс филиалдарда да жүргізілетін болады. Бұдан басқа, филиалдардың қызметі, өкілеттіктері мен жауапкершілігі айтарлықтай өзгерістерге әсер етеді. Ол өз кезегінде, мәселені егжей-тегжейлі және аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді. Бұл ретте әңгіме тариф құру, сатып алулар мен бюджетті жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау және «ақша пациенттің соңынан ереді» қағидатын сақтау төңірегінде болып отыр.

– Көптеген жылдар бойы денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеп, бас дәрігерлермен тікелей байланыста бола отырып, мен біздің стационарлар мен емханаларда қатардағы тұрғындар тап болатын барлық қиындықтарды ішінен білемін және денсаулық сақтау министрлігімен, аумақтық органдармен бірлесе отырып, шешу жолдарын табуға бел будым, – деп мәлімдеді ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов. – Мен сараптамалық алаңдарда диалог құруға әрқашан дайынмын және БАҚ-пен ынтымақтастық арқылы халықты толғандыратын сұрақтарға жауап беруге әзірмін.

Естеріңізге сала кетейік, ел басшылығы медициналық қызметтің соңғы тұтынушысы болып табылатын халық үшін барынша пайдалы барлық үдерістердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді, яғни кері байланыс орнату, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі мәселелерін шешу міндеттерін қойған болатын.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған