Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды облысының тұрғындарын тексеруге 2,6 млрд теңге аударды
Қарағанды облысында консультациялық – диагностикалық қызметтерге сұраныс айтарлықтай өсті. Аймақ тұрғындарын зерттеу және кеңес беру үшін осы жылдың 4 айында медсақтандыру қоры 2,6 млрд теңге аударды.
Бұл ақша КТ, МРТ, зертханалық зерттеулер, салалық мамандардың консультацияларын өтеуге бағытталады.
2019 жылдың сәйкес кезеңінде консультациялық-диагностикалық қызметтер 0,4 млрд теңгеге көрсетілген болатын.
– Медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыру артты, сәйкесінше, бұл көмектің сақтандырылғандар үшін қол жетімділігі артты, -деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.