«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» – атты декада өтті

Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға апталықтың тəрбиелік мəні зор болды. Анаға, туған жерге, Отанға, туған-туысқанға, досқа, өмірге, əлемге махаббатпен қарау керек екенін ұғындыру мақсатында 3 ақпаннан 12 ақпанға дейін Уызбай № 8 ОМ. Өзін-өзі тану пəнінен «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» – атты декада өтті. Онкүндік ішінде көптеген іс шаралар жүргізілді. Ақпанның 3-і мектепте салтанатты жиын өткізіліп, пəн мұғалімдер оқушыларды өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. Апта бойы кітапханашы Маурер С. А. «Мейірім төгетін ана» – атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 7-10 сыныптар арасында патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық тақырыптары бойынша «Мен жəне Əлем» – атты дебат өткізілді. Іс-шарамыз «Мейірімділік асыл қасиет» – атты тілек күні шеруімен жалғаса отырып, Ана, мейірім, бейбітішілік жəне достық туралы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

Өзін-өзі тану пəнінен 2-10 сыныптарда «Адамгершілік тəрбиесі-басты мақсат», «Өнеге отбасынын», «Адамгершілік құндылықтары», «Адамгершілік – рухани тəрбиенің маңызы» тақырыбында тəрбие сабақтары мен «Риясыз сүйіспеншілік», «Махаббат – өмір өзегі» -атты ашық сабақтар өткізілді.

Бастауыш сыныптар арасында «Əн көңілдің ажары» атты əндік фестиваль жəне «Мейірім шуағын шашайық» флеш-мобы өткізілді.

6 қазақ сынып оқушылары «Ана жүрегі» театрландырылған қойылым көрсетті.

Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылуы «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты ашық сабақпен аяқталды.

М.Қ Қарабай,

биология жəне химия пəні мұғалімі Уызбай ауылы № 8 ОМ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған