Ұлттық дәстүрді жаңғыртқан шебер

Белгілі қолөнер шебері «Бейбітшілік əлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Ұлт мақтанышы – гордость наций» медалінің иегері Гүлбаршын Зайтжанқызы ауданымыздың Озерное ауылында тұрады. Бала кезінен қазақтың дəстүрлі ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары мен əдемі ұлттық нақыштағы киім жасауды армандап өскен Гүлбаршын Өзбекстаннан арнайы келіп, Алматы қаласындағы көркем өнер училищесіне оқуға түседі. Жас жеткіншек ол жерде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өз ісінің шеберлерімен танысады. Қолөнер шебері дайын дүниені көзбен көріп, өз қиялында дамытып, нақышына келтіру оңай шаруа емес болса да үлкен ізденіспен дизаинерлік кəсіпті меңгере бастайды. Шебер өзі жасаған бұйымдарын бір аптадан бір айға дейін уақыт аралығында барынша мəнерлі жасауға жəне сапа жағына барынша көңіл бөледі. Сондықтан да оған əрқашанда сұраныс жоғары.


Одан бөлек, қол босаған уақытта шебер қазір НұрСұлтан қаласында шеберхананың филиалын ашуды ойластырып жүр.
Былтыр көптен күткен арманым орындалды. «Бизнестің жолкартасы – 2020» бағдарламасымен курс оқып, облыс əкімінің қайтарымсыз 3 млн. теңге грантына ие болдым. Оған 3 бірдей тігін машинасын сатып алдым. Машинаның бірі – қысқы, бірі – жазғы киім тігеді. Үшіншісі – етек қайырады. Аудандық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімінің басшысы Қарлығаш Шалабаеваға, құжат даярлау кезінде басқа да ұйымдастыру шараларына қолғабыс көрсеткені үшін алғысымыз шексіз. Жоспарым – қолдан келгенше осыдан нəтиже шығарып, халыққа қызмет қылу. Бұрын ескі қол машинасымен əбігерленуші едім, қазір шүкір көзім ашылды, – дейді шебер.
Шағын кəсіпкерге «Атамекен» Қазақстан Республикасының ҰКП Қарағанды облыстық кəсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Ботакөз Сыздықова да үлкен қолғабыс көрсетіпті.
Əзірге шебер бір бөлмені үй ішінен жабдықтапты. Қаз-қатар тізілген тігін машинасы бөлменің сəнін кіргізіп тұр. Қабырғада шебердің тіккен бұйымдары. Ұлттық көйлек, киімнің неше атасы. Кейде киімді жалға да беремін, осындай зор мүмкіншілік жасаған «Баршин білек» ЖК жетекшісі Гүлбаршын Зайтжанқызы жүннен жасалған эксклюзивты киімдер мен бұйымдарды əзірлеуді бастап, мемлекеттік бағдарламаға ілінгеніне қуанышты екенін айтады.
Шағын ғана ауылда тұратын қарапайым қолөнер шебері аталмыш кəсіптің арқасында көптің алғысына бөленіп келеді. Оны ауылдастары он саусағынан өнер тамған шебер, деп құрметтейді. Өнер иесі əлемге танымал.
Алматы қаласына арнайы əдемі көйлектер топтамасын жеткізіп, киізден жасалған заманауи киімдерді жарнамалағаны тағы бар. Олар киюге өте жарамды, қыста-жылы, ал жазда- салқын. Жаңа форматты мұндай көйлек жасау үшін Гүлбаршын бір апта кететінін айтады. Алдымен қой жүнін төгіп, бояу керек – бөлек өрнектер салу керек. Бұл дизайнерлік жұмыс. Осы коллекцияға қарағанда, шеберге қанша жұмыс істеуге тура келетінін елестетуге болады.
Дизайнер киіздің сиқырлы күші туралы əңгімелеуден жалықпайды. Оның сұлулығын, тамаша қасиеттерін меңгерген ата-бабаларымыз одан киім-кешек тігіп, кілем тоқып, аяқ киім жасаған екен. Қолөнер шебері киіздің бұл қасиеттері туралы балалық шақтан білген. Отбасында қолөнершілік ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған екен. Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген кезде, өрісі малға толы қазақ даласында əжелерінің ізі мен қой жүнін қолмен ұрып, киіз басады. Осылайша қолөнердің негізі қаланады. Бірақ қарапайым киізден киім тігу технологиясын арнайы ақылы курстарға барып, Америкадан, Англиядан келген тренерлерден жаңа технологияны меңгеріп, жүзеге асыра бастайды. Одан кейін дизаинмен ұлттық костюмді сəндеу идеясы туады. Сөйтіп Гүлбаршынның шағын цехында шикізат ретінде жеке жайылымындағы 200 қойдың жүні кəдеге жарай бастайды. Өңделген қой жүні ұлттық камзолдар, бас киімдер жəне жеңіл күртелер жасауға пайдаланылады. Гүлбаршын дизайнер ретінде қазіргі нарықтағы сапасыз Қытай өнімдерімен бəсекеге түспек. Ол үшін Қазақстанның аймақтарында осындай цех ашуды жоспарлап отыр. Ол шеберлерді үйретуден тынар емес. Баласы Асылбек Нұрмұрат анасының өнерін бойына сіңіріп, бүгінгі күнде жүннен жəне ағаштан жасалатын 20 түрлі бұйымды стильденген ұлттық киімнің қазақстандық брендін жасай алатын дəрежеге жетіп отыр. Əр бұйымы авторлық дизайн бойынша жасалған – киізден аяқ киім, кілем жəне тұскиіз тігеді.Ұлттық дəстүрді жаңғыртқан шебер – қазақстандық брендті əлемге танытпақ.
Тауарлары Америкаға, Англияға, Италия, Украина, Ресей, Қытайға, Франция, Германия , Араб əмірлігі, Түрік мемлекетіне саудалануда.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған