Лизинг сіздің бизнесіңіз үшін

Мемлекет микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін  субсидиялау механизмі мен жеңілдетілген қаржыландыруды қолданатын жеңілдетілген лизингтің бірқатар бағдарламалары іске асырылуда.

«Даму» Қоры ШОК-пен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру мақсатында лизингтік компанияларға қаражаттарды орналастыруға уағдалған бағдарламалар операторы болып табылады.

«Даму-Лизинг» бағдарламасының шарттары:

Қарыздың максималды сомасы — до 500 млн.тенге.

Пайыздық мөлшерлеме — жылдық 6% дейін, субсидиялау құралын қолдануымен.

Аванстық төлем — Лизинг Құралы құны бойынша 20% кем емес.

Мерзімі — 7 жылға дейін.

Бағдалама артықшылығы болып қаржыландыруды ұсыну бойынша шешімді лизингтік компанияның қабылдауы. Бұл дегеніміз несиені лау барысында қарастыру мерзімінің қысқаруына әкеліп соғады.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – бұл кәсіпкерлердің өтеусіз және қайтарымсыз негізінде алынған лизинг бойынша сыйақыларын төлеудегі шығындарды ішінара өтеуге арналған мемлекетпен қолданылатын, қаржылай қолдау құралы болып табылады. Қолдаудың бұл түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025»  бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырылады.

Бағдарламаларға қатысу сұрақтары бойынша жергілікті кәсіпкерлік бөлімдері мен аймақтық «Даму» Қорына хабарласуыңызды өтінеміз Қарағанды қ., Ермекова көшесі 29, 1 қабат, тел. 8 (721-2) 55-90-20.

ГУ Отдел предпринимательства и промышленности Осакаровского района

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған