Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілуде

Құрметті аудан тұрғындары!

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында аудан тұрғындары әртүрлі мессенджерлерде шындыққа сай келмейтін ақпаратты тарататыны анықталды.

Бүгінгі күні аудан аумағында коронавирус ауруы анықталған жоқ. Қазіргі уақытта автожолдар ашық, олар жабылған жағдайда сіз ресми ақпарат аласыз.

Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық қудалау органы әрбір таратушыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталатынын еске саламыз (5000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру).

Тұрғындарды шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз.

Осындай фактілерді анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі, құқық қорғау органдары барлық қажетті техникалық мүмкіндіктерге ие.

Жедел хаттағы хабарламаларыңыз аса мұқият тексеріледі. Елімізде ТЖ енгізу кезінде жеңілдік  пен бейқамдыққа бой алдыру болмайды! Өз пікіріңізді айтарда ойланыңыз!

Осакаров ауданының полиция бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған