Әлеуметтік жаңартудың жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық  – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді.

Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында  аз- қамтылған отбасыларға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасуға, жеңілдетілген микрокредиттер мен бизнес ашу үшін қайтарымсыз гранттар алуға ұсыныс береміз. Бүгінгі күнгі еңбек нарығында сұраныс болмай отырған мамандық иелеріне кәсіби біліктілігін арттыру үшін қайта оқытамыз.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға  кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен толықтырылды.  Бұл әлеуметтік топтама тек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды. Азық-түлік жиынтығын балалар ай сайын алатын болады. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсан ына бір рет ұсынылады.

Елімізде аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мемлекеттік көмекке  берілетін кепілдендірілген  әлеуметтік пакет 2021 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (ӘҚП) арқылы рәсімделеді.Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылы пандемия және карантиндік шектеулерге байланысты
атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арыздарын автоматты түрде ұзартып отырылды, бірақ әр тоқсан сайын өткен тоқсанның кірісімен саналып тағайындалып жатыр.

А.Тулеуова,

Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                                 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған