Ленин атындағы шахтадағы жағдай туралы

Он үшінші қаңтарда кешке Ленин атындағы шахтада бұрғылау жұмыстары кезінде газ бен көмір атындысы орын алды. Бұрғылаушылар бригадасы жұмыс орнынан кетіп үлгерді. Бұрғылау қондырғысының машинисі кенжардан шыға алмады.

Апаттарды жою жоспары іске қосылды, «РЦШП ВАСС» ЖШС Қарағанды филиалының апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеуде.

Оқиға кезінде шахтада 3-ші ауысымның 137 қызметкері болды, олардың 136-сы жер бетіне шығарылды.

Аппаратураның көрсеткіштеріне сәйкес шахтаның тау-кен қазбаларындағы газ жағдайы қалыпқа келтірілді. Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

arcelormittal.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған