«Коронавирус – шұғыл желі» Telegram-боты қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Telegram-ботты іске қосты, оның көмегімен пайдаланушылар COVID-2019 коронавирустық инфекция бойынша сұрақтарға жауап ала алады.

Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, бұл коронавирус бойынша сұрақтарға барынша оңай және жылдам жауап алу үшін жасалған.

Ол үшін чатта «Старт» батырмасын басу керек. Содан кейін чаттағы тиісті түймелерге басу арқылы ақпаратты сұрау керек. Бұдан әрі пайдаланушы жауаптарды көре алады. Бұл қызметтерді алу үшін Telegram желісіне тіркелген пайдаланушы болу керек.

Telegram-бот «Коронавирус – жедел желі» коронавирус инфекциясы туралы негізгі мәліметтерді қамтиды (коронавирус дегеніміз не, берілу жолдары, симптомдар, инкубациялық кезең, өзін жұқтырудан қалай қорғау керек, карантинге алынатындар және т.б.). Telegram-бот екі тілде – қазақ және орыс тілінде – мұнда қол жетімді: https://t.me/kz_hls_bot.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус мәселелері бойынша ҚДҰО базасында тәулік бойы call-орталық (1406), (8-7172) 76-80-43 жұмыс істейді. Қарағанды облысы бойынша call-орталығының нөмірі: 95-55-59.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған