Коронавирус індетінен сақ болайық!

Күзгі қоңыр салқын ауа райы адамдардың тұмауратуына әсер етіп отыр. Коронавирус індетінің таралмауы үшін осы қарсаңда алдын алу шараларын жүргізуге белсене кіріскеніміз жөн. Ауру салдары әр түрлі деңгейде өтіп жатқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, көріп отырыз. Бастапқы кезде жұғу салдары да байқалмайды екен. Сол кезеңде науқас көпшілік орындарға барса індетті таратушы болып қалуы мүмкін. Бүгінгі күні белгілері байқалған адамдардың белгілі мерзімде дереу қадағалауға алынып, толық емделіп шыққандарын да көріп, естіп жүрміз. Бұл індет бар, дүние жүзі мемлекеттерінің барлығы мойындағаны да рас. Аудан тұрғындарына айтарым, денсаулықтарына баса назар аударып, көзге көрінбейтін осы ауруға қарсы әлі де сақтық шараларын ұстанғанымыз абзал.

Басқосу шараларын өткізу үшін туған туыстарымыз, ағайындарымыздың жиналатыны да рас. Сол жағдайда көпшілік сақтық шараларына баса назар аударуымыз қажет. Мамандар пікіріне сүйеніп, пайда болған індетке біріге қарсы тұрып, құтылу үшін барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтайық.

Қуан Қайырбеков,

Еңбек ардагері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған