Кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті

10қарашада«Nur Otan» партиясы Осакаров аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті. Конференцияға 19 бастауыш партия ұйымдарынан делегаттар қатысты.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021 жылғы 10 қаңтарға партиялық тізім бойынша өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау тағайындады.. Тарихта алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота енгізілді.
Конференция барысында делегаттар партияның Осакаров ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекітті, облыстық мәслихат пен Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар арасында пікірсайыс өткізді, аудандық партиялық тізімді бекітті, сонымен қатар ХХХІV Қарағанды облыстық партиялық конференциясына қатысатын кандидаттарды сайлады.
Партиялық конференция барысында өткен пікірсайысқа 2 кандидат Әбдібекова Әсел Қырықбайқызы және Экзеков Дулат Турсунович қатысты және Д.Т. Экзеков дауыс беру нәтижелері бойынша көш бастап, Осакаров ауданынан облыстық мәслихат партиялық тізіміне кірді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған